Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

 Семинарда сот кеңсе меңгерушісінің м.а. А. Маусеитова және сот мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен қабылдаған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтегі қарым қатынастың мәртебесін жоғарлатуға және мемлекеттік қызметшінің теріс мінез-құлығын алдын алуға бағытталған.

Төраға өз сөзінде,  мемлекеттік қызметші мемлекеттің бет пердесі болып табылады, сондықтан да олардың қоғам алдындағы жүріс тұрысы үлгі тұтатындай болуы қажет деп атап өтті.

Семинар барысында, мемлекеттік қызметшінің қызмет бабында өзін ұстауы және  қызметтен тыс уақыттағы оның мінезі, жүріс-тұрысы стандарты және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының қағидалары туралы сұрақтар талқыланды.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі