Өскемен қалалық сотында адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотының төрағасының м.а. Ш.С.Манжуева адвокаттар мен судьялардың қатысуымен «Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді аша отырып, төрағаның м.а. ҚР АПК-нің 181-бабының 2-тармағына сәйкес партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізілетіндігін баяндады.

Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету екендігі аталып өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысыңда сөз сөйлеген татуластыру рәсімдері бойынша судья – үйлестіруші А.К.Рамазанова Азаматтық процестік заңнама бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерінен басқа татуластыру рәсімдеріне татуласу келісімі мен дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімдері жататындығын атап өтті. Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау татуластыру рәсімдерінің мақсаты болып табылады деп баяндады.

Іс-шараның қорытындысында төрағаның м.а. қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайтуда табыстарға жетуді тіледі.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі