Орман қорына келтірілген зиян өтеліп, екі қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында ҚК-нің 340-бабы, 1-бөлігімен берілген, екі қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауы барысында, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде  Тарбағатай ауданының тұрғыны С. тиісті рұқсат қағазсыз, Өйшілік ауыл округі әкімшілігіне тиесілі учаскесіндегі орманның 5 м³ жас ағаш талдарын қиып алып, өзінің қылмыстық теріс қылығымен орман қорына сомасы 17 017теңге 5 тиын, Қожакелді ауылының тұрғыны А. 2 м³ жас ағаш талдарын қиып алып, Ырғызбай ауыл округі әкімшілігінің орман қорына жалпы сомасы 6 807теңгені құрайтын залал келтіргендері анықталды.

Сотқа сотталушылар мен жәбірленушілердің арасында бітімге келу туралы кәсіпқой емес медиатор Ж.Маханова ұсынған медиативті келісім түсті.

Медиативтік келісім Қазақстан Республикасының 28-қаңтар 2011 жылғы «Медиация туралы» Заңының баптарының талаптарына сай келеді, осы заңның 1-бабында көрсетілген медиация процедурасын жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар жоқ.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші  медиативті келісімге өз еріктерімен келгендерін қуаттады.

Жәбірленушілердің заңды өкіліне іс қысқартылғаннан кейін сотталушыға қатысты қылмыстық қудалауды осы айыптау бойынша қайтадан жаңғыртуға болмайтындығы түсіндірілді.

Судья, жоғарғылардың негізінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 288, 343-баптарын басшылыққа алып, сотталушыларды ҚК-нің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан ҚК-нің 68-бабының, 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты босатуға, қылмыстық істерді  тоқтатуға қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі