Мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау дауы медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Б.-ның Ч.-ға мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай жауапкер талап қоюшы араларында болған әңгімені бейне таспаға түсіріп, талап қоюшының келісімін алмай, WhatsApp қосымшасы арқылы интернетке таратқан, талап қоюшы бұған наразылық білдіріп, оның өз бейнесіне мүліктік емес өзіндік құқығын қорғау жайлы сотқа арызданып, жауапкерді сот мәжілісінде одан кешірім сұрап, WhatsApp программасы арқылы тиісті чатқа кешірім сұрағаны жайлы мәтінді хабарламаны жариялауды міндеттеуді және моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұраған. Сот мәжілісінде тараптар судья-медиатордың көмегімен бітімге келіп, жауапкер талап қоюшыдан кешірім сұрап, WhatsApp қосымшасы арқылы интернетке тиісті хабарлама жариялаған, талап қоюшы жауапкерді кешіріп, талап қою арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиативтік келісімдері бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды, талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі