Мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Күршім аудандық №2 пробация қызметінің сотталған Р.-ға қатысты мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініші қаралды. Азамат Р.Күршім ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 293-бабы, 3-бөлігі 2) тармағы бойынша (бұзақылық) 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Сот мәжілісінде Күршім аудандық №2 пробация қызметінің инспекторы аталған өтінішті қолдай отырып, сотталған азаматтың жазаны өтеу мерзімі кезінде өзін дұрыс жағынан көрсеткенін, өзінің түзелгендігін дәлелдегенін және жәбірленушіге залалды толығымен өтегенін айтып өтті.

Күршім ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Р. сотпен тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты босатылды.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі