«Менің тандауым-балаларға көмек көрсету!»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 тамыздан 30 қыркүйек  аралығында  еліміздегі  2017-2018  жылы ұйымдастырылған оқу жылының басталуы мақсатында «Менің тандауым-балаларға көмек көрсету!» атымен өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясының өткізілетіні  хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық сотының ұжымы аз қамтылған отбасыларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында кезекті ретте өткізілген қайырымдылық акция  іс-шарасына қатысып, Ж.Шайжүнісов атындағы орта білім мектебінде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға мектепке қажет құралдарын (сөмке, дәптер, канцелярлық товарлар, спорт киімін) алып берді.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға,  жетім балаларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі