Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының жетекші маманы Қ.Қ.Қуатов Көкпекті ауданының Самар ПБ қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында   тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналғаны айтылды.

Дәріс соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі