«Мектепке жол»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстанда тамыз, қыркүйек айлары созылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара барасында мемлекет пен азаматтар жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы аталған акцияға жыл сайын қатысып тұрады. Ағымдағы жылы сот ұжымы №18 КММ мектебінің көп балалы отбасының екі оқушысына мектепке қажет құралдар сыйлады.

Акцияның мақсаты балаларды мектепке қажет құралдармен және киімдермен қамтамасыз етіп, мектепке деген ынтасын көтеріп, көмек көрсету. Аталған шара 10 жыл қатарынан мемлекеттің барлық аймақтарында «Менің таңдауым-балаларға көмек» ұранымен өткізіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі