Медиаторлар екі жақты татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК 190-бабы, 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат  К. жәбірленушіден 18 000 теңге тұратын ұялы телефонын алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқырған. Сотта іс жүргізу барысында жәбірленуші мен сотталушы тарапынан медиациялық келісімге келгендіктері, жәбірленушіге келтірілген залал толығымен қайтарылғандығы және кылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш түсті.

Соттың қаулысымен жәбірленуші мен сотталушы тарапынан татуласуына байланысты және медиация реттеу тәртібімен шешілгендіктен К.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі