Медиатордың көмегімен қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан  аудандық соты ҚР ҚК-нің 131-бабы, 2 бөлігі (қорлау) бойынша айыпталған Б.,-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Сотта анықталғандай азамат Б., Зайсан қаласында  азаматша Т.,-ны телефонмен хабарласып балағаттап, қорлаған.

Сот талқылауы барысында сотталушы Б.,  мен жәбірленуші Т., арасында медиативтік келісім жасалды.

Сот қаулысымен сотталушы Т., қылмыстық іс бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.  

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі