Іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 191-бабы, 1-бөлігі бойынша азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Б. Өскемен қаласының көшелерінің бірінде М-нің ұялы телефонын ашық түрде ұрлағаны сотта анықталған. Жәбірленушіге 101 500 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Кәсіпқой медиатор М.Дячуктің куәлануымен сотқа медиациялық  келісім  шарты ұсынылды. Медиация шарты бойынша жәбірленушімен сотталушы татуласты,  жәбірленушінің  материалдық  және морльдық шығын бойынша шағымы жоқ.

Сот қаулысы бойынша, жәбірленушімен сотталушының татуласуына орай қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі