«Медиация күні» Республикалық акциясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының Достық үйінде Республикалық «Медиация күніне»  орай шара өткізілді.

Зырян аудандық сотының судьясы Ф.А.Айнековпен кездесуге жастар орталығының, орталық кітапхана жүйесінің, жас өспірімдер спорттық мектебінің, Жастар клубының, кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен басшылары келді.

Судья Ф.А.Айнеков азаматтық, қылмыстық істерді қарауда медиацияны қолдану бойынша заңнамаға түсінік берді, сонымен қатар, кәсіби емес медиаторлар қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

Жүргізілген сұхбат сотқа дейінгі даулар мен жан-жалдарды медиация тәртібінде реттеу тәжірибесін кеңейтуге үлесін қосуда.

Қатысушылармен медиация институтын дамыту мен жандандыру бойынша ақпараттық-түсініктемелік жұмыстарды арттыру туралы шешім қабылданды.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі