Медиация кабинетінде дау медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында азаматша У-ның азамат А-дан жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Медиация кабинетінде» кезекшілік атқарған медиатор Н.Жадранованың түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тараптар дауды медиация тәтібімен реттеу туралы келісімге келді. Азаматтық іс бойынша талап қоюшы мен жауапкер сот мәжілісінде сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш ұсынып, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиациялық келісімді бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі