Медиация - дауласқан тараптарда тіл табысу мәдениетін қалыптастырады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаровпен кәсіби емес медиаторларға арнап семинар өткізді.

Іс шараның мақсаты – жанжалды шешудің әрекеттегі балама тәсілі туралы кең ақпараттандыру.

Сот төрағасы Р.Омаров өз сөзінде, дауласқан тараптардың жанжалды шешу мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын және бұл біздің мемлекет үшін елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформа мен әлемдік жаһандану үрдісінде анағұрлым маңызды екенін атап өтті.

Медиаторлар,  медиатордың басты міндеті, ол  тараптардың арасындағы түсiнiстікті қамтамасыз ету, мәселенің екі жаққа да тиімді шешiмін  табуды анықтау және  жүзеге асырылуына көмектесу екенін атап өтті. Медиация арқылы  дауларды реттеудің  айқын артықшылықтары бар, бұл жедел, қабылданған шешiмдердiң ерiктi орындаулары және ең бастысы  достық және әрiптестiк қарым-қатынастардың сақталып қалуы.

Кездесу соңында, медиация рәсімінің кеңінен дамуы мен қолданылуы мақсатында  қатысушылар медиацияның аумақта дамыту бағытын талқылады.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі