Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық үшін сотқа берілген О. мен А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай сотталушылар спирттік ішімдік ішіп отырып ауылдасы М.-ның көлікжайынан құрал-жабдық ұрлауға келіскен, қылмыстық ойларын жүзеге асыра М.-ның үйіне барып, аулаға қақпадан кіріп, содан есігі құлыпқа жабылмаған көлікжайына кіріп, одан көлік құралының кілттер жинағы мен домкратты иемденіп, ұрланған заттармен оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Сөйтіп жәбірленуші М.-ға елеулі материалдық зиян келтірген. Сот мәжілісінде сотталушылар мен жәбірленуші татуласып, жәбірленуші оларды кешіріп, материалдық зиянның орны толғанына байланысты істі тоқтатуды сұраған, сотталушылар істі ақталмайтын мән-жаймен тоқтатуға қарсылық білдірген жоқ.

Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 68-бабының, 1-бөлігі негізінде сотталушылар О. мен А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі