Қылмыстық іс медиатордың көмегімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан  аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-тармағы (ұрлық) бойынша айыпталған С-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды.

Іс материалдары бойынша азаматша С. Зайсан қаласында  орналасқан сауда дүкеніне кіріп, осы дүкен ішінен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап әкеткен. Осы іс әрекетімен азаматша С. жәбірленушіге 40 000 теңгенің елеулі залалын келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық іс бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі