Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының №2 соты ҚК-нің 188-бабының, 1-бөлігі бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарынан, М., танысының үйінде бола тұра, жәбірленушінің ұялы телефоның ұрлаған, содан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынып кеткен, яғни осы әрекеті арқылы жәбірленушіге 50 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот тергеуіне дейін жәбірленушіден медиация тәртібінде татуласуына байланысты, қылмыстық істі қысқарту жөнінде арыз түсті.

Сот қаулысымен тараптардың бітімгершілік келісімге келулеріне байланысты, қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды. Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласы №2 сотының

баспасөз қызметі