Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында ҚК-тің 200-бабының, 1-бөлігі бойынша  Г.-ға қатысты қылмыстық і қаралды.

Іс материалына сәйкес, Г., алкогольдік масаң күйінде М.-ға тиесілі автокөлікті заңсыз иеленіп, Семей қаласында жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталды.      

Сот отырысында жәбірленуші М.Какенов сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты соттан қылмыстық істі қысқартуды сұрады.                                                                    

Сот отырысы барысында кәсібі емес медиатордың қатысуымен тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды.                                                                                                        

Сот қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуы байланысты қысқартылды.                                                              

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі