Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында  ҚК-нің 107-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен берілген, қылмыстық іс қаралды.

Тарбағатай ауданының тұрғыны Д. Ақсуат ауылында орналасқан «асхана»  ғимаратының алдында, спирттік ішімдік ішкен мас күйінде, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін әдепсіз іс-әрекетін жасап, ешбір-себепсіз бұзақылық ниетпен Б-ны ұрып-соғып, жәбірленушіге «орта» дәрежеде дене жарақатын түсіргені анықталды.

Сот мәжілісінде тараптар медиациялық тәртіпте өзара татуласқандарына байланысты қылмыстық істі қысқартып, сотталушыны жауаптылықтан босатуды сұрады. ҚР ҚПК-нің 178-бабына сай процестік шығындарын сараптама жүргізуге жұмсалған 23 279 теңгені сотталушы толығымен төледі.

Жоғарғылардың негізінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 288, 343-баптарын басшылыққа алып, сотталушы ҚР ҚК-нің 107-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қылмыстық жауаптылықтан ҚК-нің 68-бабының, 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз  қызметі