Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан  аудандық сотында азамат А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. үйінде жәбірленуші У-ны ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, жәбірленуші А.-дан сотқа қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекіту туралы арыз түсті.

Ұлан  аудандық сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен айыпталған А. осы кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан  аудандық сотының

баспасөз қызметі