«Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шараға Риддер қалалық сотының судьялары қатысты.

Семинарда судья М.К. Тоқжанов қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау туралы тақырыпта баяндама жасады.

Кінәні мойындау туралы келісім айыпталушының, сотталушының, күдіктінің, қорғаушының арызы арқылы немесе прокурордың ынтасымен жасалады. Кінәні мойындау туралы келісім прокурордың немесе қорғаушының ынтасымен жасалса онда міндетті түрде қылмыстық істе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өз еркімен келісімге келгендігі анықталып, тіркелу қажет.

Семинар соңында қатысушылармен қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қараудың жетілдіру жөніндегі шаралар ұсынылды.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі