Қылмыстық істер мен материалдарды «Төрелік» ақпараттық жүйесінде тіркеу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде қылмыстық істер мен материалдарды тіркеу және оларды толтыру» атты тақырыпта  семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  кеңсе меңгерушісі м.а. З.К. Жунусова және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған кеңсе меңгерушісі м.а. «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қылмыстық істер мен материалдарды дұрыс тіркеу туралы түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының барлық соттарында электрондық түрдегі құжаттардың сот органында тіркелген уақытынан бастап, орындауға жіберу мен орындалып аяқталуына дейінгі қозғалысын есепке алу және бақылау,  істердің бірыңғай номенклатурасын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған «Төрелік» жүйесі енгізілген болатын.

Сондай-ақ, шарада сот процесіне қатысушыларға жолданатын сотқа шақыру қағазы мен хабарламалардың уақтылы жіберілуі туралы да айтылды.

Семинар  қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі