«Қылмыстық істе азаматтық шағымды қарау» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Қылмыстық істе азаматтық шағымды қарау» тақырыбында семинар сабағы өтті. Семинарға Риддер қалалық сотының  судьялары қатысты.

Семинар барысында қылмыс жасау салдарынан немесе қоғамдық қауіпті әрекеттен келтірілген залалды өтеу мәселелері талқыланды. Мұндай істерге келесі азаматтық шағымдар жатады: жерлеу ресіміне кеткен шағындар, жәбірленушіні емдеуге кеткен ақша, сақтандыру өтемі ретінде төленген қаражат, сонымен қатар анықтау өндірісіне, алдан ала тергеуге, сотқа қатысудан келген шығын, өкілдер қызметіне өтем жасау және т.б.

Судья Г.А. Сайдульдинова өз сөзінде заң шығарушы орган тұлғаның барлық мүліктік және мүліктік емес құқықтарын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Қылмыстық істі қарау барысында азаматтық шағымның да қаралауы кейін азаматтық сот өндірісінде іс санының артпауына ықпал етеді, және де қысқа мерзім ішінде құқықты қалпына келтіруге септігін тигізеді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі