Қылмыстық іс бойынша медиация қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) Ж. және С.,-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

Іс материалында көрсетілгендей, Күршім ауданының тұрғыны С. Көк-Жата ауылында тұратын туыстарына қонаққа келген. Өзінің інісі Ж.,-мен кездескеннен кейін оларда көршісі Р.,-дің қорасынан қойды ұрлау туралы қаскөйлік ниеті ойларына келген. Түнгі уақытта қораға кіріп, бір бас қойды шығарып алған. Бұдан кейін С., ауыл көшесін аралап басқа жәбірленуші М.,-нің көлік жайына кіріп 40 литр мотор майын ұрлаған, осылайша, бірнеше рет бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.

Басты сот талқылауында екі сотталушы істеген істеріне өкініп, келтірген шығынның орнын толтырды. Жәбірленушілер кінәлілерді кешіріп, олармен медиация тәртібімен келісімге келді, осыған орай қылмыстық іс қысқартылды. 

 

Көкпекті ауданының №2 сотының

баспасөз қызметі