Күршім ауданының №2 аудандық сотында ақпарат алмасу сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір сұрақтары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекеме органдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы м.а. С.Жунуспекова қатысушыларға қазіргі таңда сот жүйесінде кеңінен қолданылып жатқан жаңа технологиялар мен сервистер жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, сот төрағасы м.а. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа талап-арыздар жолдау тәртібіне және оның ішінде бұйрық өндірісі бойынша сот актілерінің электронды форматта шығарылатындығына ерекше тоқталды. 

Бұған қоса, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдар мен соттың арасындағы құжат айналымының мемлекеттік тілде дайындалуы; статистикалық мәліметтердің бірыңғай дұрыс толтырылуы; қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тараптарға берілетін талондардың дұрыс толтырылуы сынды өзекті сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында сот және құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу мәселесінде тығыз байланысты орнатуға бағытталған бірқатар ортақ шешімдер қабылданды.  

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі