Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 461-бабы  бойынша аудандық ішкі істер бөлімінен келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Тарбағатай ауданының тұрғыны Д. ішімдік ішкен мас күйінде әкесінің ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттағаны үшін ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, сол күні 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын қабылдаған. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасымен сол күні қол қою арқылы таныстырылған. Алайда, қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі аяқталмай жатып,  Д. ішімдік  ішкен мас күйінде қорғау нұсқамасын бұзған. Сот мәжілісінде Д. кінәсін мойындады.

Сот, Д. түсінігін, прокурордың оның әрекетінде ӘҚБтК-нің 461-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтың құрамы бар деп, оған әкімшілік шара ретінде қамаққа алуды сұраған қортынды сөзін тыңдап, іс қағаздарымен танысып, Д-ны ӘҚБтК-нің 461-бабымен әкімшілік жазаға тартып, оны 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамаққа алуға қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі