Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні қарсаңында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы М. Тубеков «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбына семинар сабақ өткізді. 

Семинар сабағын өткізу барысында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің бас маманы М. Тубеков республика атынан сотпен іске асырылатын және мемлекеттік биліктің дара түрі болып табылатын еліміздің сот билігі қызметін реттейтін, негізгі ережесін Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімі айқындайтынын түсіндірді, Қазақстан Республикасының сот билігі азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен еркіндігін қорғау үшін құрылған, мемлекеттік органдар, ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін Конституция, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісім-шарттардың орындалуын  қамтамасыз етеді.

Семинар сабағына қорытынды жасай отырып, бас маман М.Тубеков құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму үдерісі кезінде құрылады, сондықтан да, Қазақстан Республикасы Конституциясында еліміз құқықтық мемлекет қалыптастыру жолына түсті, ал Қазақстан Республикасының Конституциясы - қолданыстағы заңнаманың сатысында жоғарғы заңды күшіне ие негізгі Заң деп жазылғанын жеткізді.

 

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі