Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында Конституция күніне арналған мерекелік шара өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А.К. Сыздыков мерекелік жиынды ашып, шараға қатысушыларды Контитуция күнімен құттықтап, бұл мерекенің қазақ елі үшін ерекше екендігін атап өтті. Елбасы барлық қазақстандықтардың алдында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау  мақсатын қойды. Оның ішіндегі сот төрелігін сапалы орындау бағытының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. «Азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған сот төрелігін жүзеге асырудағы барлық қызмет Конституцияда бекітілген негізгі қағидаларға негізделген», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі М.К. Касенов қатысушыларды құттықтап, еңбекте табыс тіледі. 

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі