«Көкнар-2017» шарасы барысында Астана қаласынан «гашиш» алдырған адам ұсталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 30 шілде күні сағат 06.00 кезінде «Көкнар-2017» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында, Омск-Майқапшағай жолының Тұғыл ауылына бұрылатын қиылысында Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тұрғыны Ж. Ваз-21099 маркалы көлігінің жүк салғышының ішінен үш целофан пакетке оралған жасыл түсті, өткір иісі бар шөпке ұқсас зат табылған.

Алдын ала тергеп-тексеру кезінде Тұғыл ауылының тұрғыны азамат К. аталған көліктен алынған зат өзіне тиесілі екендігін, оны Астана қаласынан алдырғанын мойындаған.

Сарапшы қорытындысымен көліктен алынған зат, жалпы салмағы 148, 45 грамм құрайтын есірткілік зат «гашиш» болып табылған.

Сот үкімімен К. ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен ірі мөлшерде есірткі затын (гашиш) өткізу мақсатынсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сот актісімен есірткі заты жойылуға жатқызылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданының №2

аудандық соты