ӘҚБтК-тің 73-1-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған М.-ға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Барақ Батыр ауылының тұрғыны М. салынып жатқан сауда дүкенінің ішінде П-мен жанжалдасып, сот-медициналық сараптамасына сәйкес, П-ға оң жақ мойынынан ұрып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген. Осы әрекетімен, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының, 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот ісін қарау барысында сотқа қатысушылар татуласу туралы өтініштерін білдірген. Сотқа медиатормен жасалған медиативтік келісім ұсынылып, істі қарау ӘҚБтК-тің 64-бабының негізінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі