ӘҚБтК-нің жаңа бабы бойынша медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында, Көкжота ауылының тұрғыны А., және оның танысы К.-ның арасында ұрыс шығып, нәтижесінде ол  соңғының денсаулығына жеңіл зиян келтірген дене жарақатын  жасаған. Бұрын осындай іс әрекет ҚК-нің 108-бабымен сараланған, бірақта, 2017 жылдың 03-шілдесіндегі заңмен  ол әкімшілік құқық бұзушылық құрамына жатқызылып, өткен. А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1 бабы, 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалған, осы бап санкциясы бойынша 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделген.

Сотта тараптар істі медиация бойынша аяқтауға болатынын біліп, араларында медиация келісімін бекітті, сот соның негізінде істі тоқтатты.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі