«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы «дөңгелек үстелде» талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық соты төрағасының м.а. К.Раимбеков «Бородулиха ауданының  әкімінің аппараты» ММ-де АІІБ, ЖПС, прокуратурының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңымен талқылау атты тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шара барысында, сот төрағасы м.а. К.Раимбеков қатысушыларды 2017 жылы 3 шілдеде шыққан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен таныстырып, сол заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 73-1, 73-2 баптармен толықтырылғандығын және аталған Заң 2017 жылдың 14 шілдеде заңды күшіне енгенін айтып өтті.

Сот төрағасы м.а. К.Раимбеков өз баяндамасында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға шолу жүргізіп, құқық қорғау органның  қызметкерлеріне жоғары көрсетілген өзгерістер маңызды екеніне назар аударды.  

Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша басқа да мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі