Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық  сотының төрайымының м.а. А.Байжуменова және бас маман М.Аписарова Таврия ауылының кітапханасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөңгелек үстелге» қатысты.  

Бұл шарада кітапхана қызметкерлері, Таврия ауылдық әкімшілігінің мамандары, ауылдық мекемелерінің басшылары қатысты.

Мерекелік жиынға қатысқан Ұлан ауданының 2 сотының төрайымының м.а. А.Байжуменова  қатысушыларды мерекемен құттықтап, - «...Ата заңның бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетінін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын басып айтты. Конституцияға енгізілген өзгерістің маңызды жаңалығы – сот жүйесін жетілдіруге, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілін күшейтуге  қатысты мәселелердің түбегейлі шешілуіне ықпал еткенін айтты. Сонымен қатар, «...бүгінгі таңда республикамызда сот тәуелсіздігін нығайту бойынша ауқымды істердің жүзеге асырылып жатқанын, сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты жаңа тиімді механизмдердің әзірленгенін, соттар мен судьялардың лайықты қамтамасыз етіліп жатыр» - деп көрсетті.

Шараға  қатысушылар Ата Заңда  көрсетілгендей, ең  құнды қазына – адам, оның өмірі, бостандығы екенін тілге тиек етіп, өз ұжымдарында, адам құқықтарын қорғауда атқарылып жатқан игі істерін ортаға салды.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі