Катонқарағай аудандық сотының қызметкерлері азаматтармен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткізілген іс-шараға Катонқарағай аудандық сотының мамандары Э.К. Жансултанова, Ш.К. Темиржанова,  Достық үйінің басшысы Н. Гостеева, кәсіби емес медиаторлар, Үлкен Нарын ауылының тұрғындары қатысты.

Өткен шарада медиацияға түсінік беріліп, оның негізгі мақсатын, медиация дамуының күрделі сұрақтарын талқылады. Сонымен қатар татуласу рәсімдері өткізу бойынша медиаторлармен жұмыс жүргізілді. «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жобасы жайлы толықтай ақпарат берілді. Сондай-ақ, пилоттық жобаның негізгі мақсатының бірі қолдану аясын ұлғайту  мен сот шығындарын азайту және халық арасында дауларды сотқа дейінгі реттеуді қызығушылық таныттыру болды.

Қатысущылар кәсіби және кәсіби емес медиторлардың  жұмысы бойынша  пікір алмасты.

Өткен шараға қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы медиация институтын дамыту, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын азаматтарға жеткізу, Катонқарағай ауданының азаматтарымен бірігіп аталған тақырыпта шараларды бірлесіп өткізу туралы  бір жақты келісімге келді.

 

Катонқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі