Катонқарағай аудандық сотында «Мұрағатта құжаттарды сақтау тәртібі» тақырыбында сот қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жетекші маман Н.М. Тоқтарбаева өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібін түсіндіріп өтті. Сонымен бірге істерді, материалдарды қабылдау тәртібін атап өтті.

Семинар қорытындысында қатысушылар соттағы мұрағат жұмысында туындайтын мәселелерді талқылап тәжірибелерімен бөлісті.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі