Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстанда медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға қатысуға Катонқарағай аудандық сотының төрағасы  Б.Т.Секербеков, ІІБ-нің өкілдері, кәсіби емес медиатор қатысты.

Іс шараны аша отырып Катонқарағай аудандық сотының төрағасы Б.Т.Секербеков өз сөзінде дау-жанжалды шешудің балама жолары ретінде татуластыру процедураларын қолдану, азаматтардың сот процессі шығыстарын барынша азайту және халықтың дауды соттан тыс шешуі мүлделігін көрсетті.

Медиация адамгершілік қасиеттерді сақталуына, іскерлік және әріптестік беделді және сыйластықта сақтауға үлесі зор.

Соттағы бітістіру рәсімдері институтын енгізу, медиация қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ерiктiлiк, медиация тараптары тең құқылы, медиацияның рәсiміне араласуға жол берілмеу, құпиялылық қағида негiзінде жүргiзiлетінің атап өтті.

Аталған жоба медиация институтының ары қарай дамуына жаң дем беретінін, татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылатынын дау-жанжалдар сотқа дейін өз шешімін тауып сот шығындары азайатындығына ықпал ететіндігін айтты.

Қатысушылар дөңгелек үстелдің соңында өз пікірлерімен алмасты.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі