Қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында  ҚК-нің 287-бабының, 3-бөлігімен сотқа берілген қылмыстық  іс қаралды.

Басты сот талқылауында,  «Көкнар-2017» жедел профилактикалық іс-шарасі барысында сотталушы  К-ден Ойшілік ауылдық округіне қарасты «Ақжал» қыстағының дала жайылымында, өзінің тұрғын үйінің ауласында орналасқан, жаздық ас үйінде заңсыз сақтап алып жүрген 2 ұңғылы аншылық қару ИЖ-56-3, «Белка-3» маркалі және «Н5218» зауыттық қалып және сап нөмірімен  шығарылған атыс қаруы алынғаны анықталды.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, әкесі қайтыс болардың алдында өзін шақырып алып, өзінің сақтап жүрген осы 2 ұңғылы қаруды өзіне бергенін, өзінің мылтыққа ешқандай құжаты жоқ екенін, күні осы уақытқа дейін мылтықты өзінің үйінде заңсыз сақтағанын, қазіргі уақытта жасаған қылмысына өкініш білдіретінін,  үш баласы бар екенін айтып жеңілдік сұрады.

Сотталушы кінәсі өзінің сот отырысында тағылған айыбын толығымен мойындап берген жауаптарынан басқа, сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында және сот отырысында зерттелген басқа да жазбаша дәлелдемелермен толықтай бекіді. 

Сот,  жоғарыдағылардың негізінде және ҚПК-тің 368-387-бабтарын басшылыққа алып, К-ны  ҚК-тің 287 бабының 3-ші бөлігімен   кінәлі деп танып,  1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі