Глубокое аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен сотталушыларға қатысты іздеу жариялау және оларды сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу мәселелері бойынша бірлесе іс-қимыл жасау туралы 2017 жылдың  28 шілдесіндегі .Меморандумның орындалу тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт, судья А.Болатова, Глубокое ауданы прокурорының орынбасары Қ.Алтынбекұлы, прокурорлар, Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің бөлім басшылары, пробация қызметінің мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Меморандумның іс жүзінде жүзеге асырылу тәртібі, сондай-ақ сотталушылар мен іске қатысушы тұлғаларды сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі № 84-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарымен қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

 Іс-шара барысында аталған заңдардың мәтіні мұқият зерделеніп, оларды тәжірибеде қолдану мәселелері талқыланды.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі