Глубокое аудандық сотымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 188-бабының, 1-бөлігімен айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталмыш тұлғаға бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін айып тағылған.

Сот отырысы барысында тараптардың өтінішхаттары негізінде олардың өзара бітімгершілікке келу мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін медитор –    Г.В. Берестова іске қатыстырылды.

Медиатордың жұмысы нәтижесінде тараптар өзара бітімгершілікке келіп, сотталушы өзінің қылмыстық әрекеті салдарынан жәбірленушіге келтірген залалдың орнын толық көлемде толтырды.

Ұсынылған медиация тәртібінде дау-жанжалды реттеу туралы келісімдер негізінде және Қылмыстық кодекстің 68-бабының, 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, сот қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтату және сотталушыны жауапкершіліктен босату туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі