Есірткі затын қоғамдық жерде тұтынғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының, 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Шар қаласы, Карелин көшесі бойында аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен «Көкнар» атты жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті Е. 0,3840 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын тұтыну кезінде ұсталды.

Сот отырысында сотталушы Е. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

Сот үкімімен сотталушы Е.-ге 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды және сараптама өткізген үшін процессуалдық шығындар мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жарма ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі