Екі адамға қатысты қылмыстық іс медиатордың көмегімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан  аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталған Т. және И-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша, Зайсан қаласындағы  көңіл көтеру орнында И. мен оның танысы Т. бұзақылық ниетпен екі жәберленушіні жабылып, ұрып соғып, дене жарақатын түсіріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Сот талқылауы барысында сотталушылар мен жәбірленушілер арасында медиативтік келісім жасалды.

Сот қаулысымен сотталушылар қылмыстық іс бойынша жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.  

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі