Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға кеңсе мамандары қатысты.                                                                                    

Шара барысында кеңсе меңгерушісі М.Алимханова  Елбасы ұсынған  «100 нақты қадам» бағдарламасының 20-қадамын орындау мақсатында  ҚР Жоғарғы Соты тарапынан сот отырыстарын дыбыс-бейнежазбаға тіркеу жүйесін енгізу бойынша шаралар белсенді түрде іске асырылғандығын, сот отырыстарына дыбыс-бейне тіркеу жүйесін енгізу – бұл баршаға айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделгенін айтты. Сондай-ақ, ол бұл шаралар  қызметкерлердің тараптармен процессуалдық емес байланысқа түсуіне жол бермейтіндігіне тоқталды.    Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі  семинарға қатысушыларға қазіргі кезде сот процестерінде дыбыс және бейнежазбаға жазу шаралары міндетті болып табылатындығын жеткізді. Барлық тараптардың сот процесінің жазба көшірмесін алуға мүмкіндіктері бар  және бұл негізінен сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді деп атап өтті.                                

Шара  соңында кеңсе меңгерушісі қатысушылардың тақырып аясында қойған сұрақтарына жауап берді. 

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі