Дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында соттың төраға м.а. А.Амрееваның, кеңсе меңгерушісі Л.Кунанбаеваның,  кәсіби емес медиатор Н.Шалованың, учаскелік инспекторлар Т.Шалбаевтың, Р.Калеловтың, А.Мурсалимовтың, адвокат Т.Бозакановтың қатысуларымен «Жекеше айыптау істері бойынша туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында соттың төраға м.а. А.Амреева  өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 408-бабына сәйкес, жекеше айыптауды тұлға (бiрнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғайтынын, шағым анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға берілген кезде ол сотқа жiберiлуге жататынын, шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы өтiну, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәлiметтер; сотқа шақырылуы қажеттi куәлардың тiзiмi қамтылуға тиіс екендігін, шағымға оны берген адам қол қоятынын, анонимді шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайтынын, шағым сотқа істің аумақтық тұрғыдағы соттылығына сәйкес, өздеріне қатысты жекеше айыптау iсi қозғалатын адамдардың санына қарай көшiрмелерiмен бірге берiлетінін атап өтті.

Іс-шара соңында төраға м.а. қоғамда дау-дамайды азайту мақсатында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану үшін, халықты дауды бейбітшілік жолдарымен шешу туралы хабардар ету қажеттілігін айта отырып, ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне жекеше айыптау істері бойынша материалдарды жолдаған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық, және қылмыстық процестік кодекстерінің талаптарын басшылыққа алып, дұрыс әрі сапалы рәсімделуіне назар аударуды тапсырды.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі