«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында талапкер «А» ММ берілген көтерме жәрдем ақыны өндіру туралы талап арызы қаралды.

«А»ММ және жауапкер Б. арасында әлеуметтік көмек беру туралы  келісім жасалған. Келісім бойынша «А» ММ 121 170 теңге мөлшерінде әлеуметтік көтермелеу жәрдемақы төлеуге, ал жауапкер Б. өз тарапынан аталған соманы алған жағдайда, бес жылдан кем емес «С» КММ жұмыс істеуге міндеттенген. Әлеуметтік көмек беру туралы  келісімнің 2-тарау, 4-бөлігінің, 4-тармағына сәйкес аталған келісімнің шарттары жауапкермен орындалмаған жағдайда   әлеуметтік қолдау ретінде алынған бюджеттік қаражатты толық көлемде қайтаруды міндетті.  Жауапкер өз еркімен жұмыстан босатылып, келісімде көрсетілген көтерме жәрдемақы алушысына қойылған міндеттемелерді орындамай қарыз сомманы төлемеген, сондықтан талапкер сотқа арызданған.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының шешімімен талапкер «А» ММ талап арызы қанағаттандырылып, жауапкерден 121 170 теңге көтерме жәрдемақы және 363 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Шешімге шағым келтірілген жоқ, заңды күшіне енді.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі