«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотының судьясы А.К.Сыздыков сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге дауларды реттеудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі бітімгершілік рәсімдерді дамыту болып табылады.

Судья А.К.Сыздыков пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар қатысатынын баяндады.

Сонымен қатар, даулардың жекелеген санаттары бойынша, яғни  баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы,  некені бұзу және мүлкін бөлу туралы; пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша; сақтандыру және кейбір еңбек даулары жөнінде, сондай ақ  медиацияны қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырудың тәртібін түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

 Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі