Борышкерден қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер сотқа жауапкерге қатысты қарызды өндіру туралы өтінішпен жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. Тараптар арасында қызмет көрсету туралы шарт бекітілген. Алайда, борышкер шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған, осыған орай, 2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында 10 130 теңге қарыз сомасы пайда болған. Борышкер өз еркімен қарызды өтеуден жалтаруда. Сол себепті соттан жауапкерден қарыз ақша сомасы және сот шығындарын өндіруді сұраған.    

Сот отырысында толыққанды анықталғандай, жауапкер келісім бойынша өзінің міндеттерін тиісті түрде орындамай, сол арқылы талапкердің құқығын бұзған.

Сот бұйрығымен қарыз өндірілген.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі