Бородулиха аудандық сотында МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы м.а. К.Раимбеков, кеңсе меңгерушісі А.Касенова, сот приставы Э.Сейлханов, сот мамандары және МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу режимінің талаптарын сақтау болып табылады.

Сот төрағасы м.а. К.Раимбеков семинарға қатысушылардың назарына тиісті жұмыстың белсенділігін күшейтуге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кіріп-шығу режимін ұйымдастыруға қажеттігін көрсетті. МКҚБ қызметкерлерінің назарына сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің қатаң түрде сақтауына аударылған.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі