Бородулиха аудандық соты партисипативтік рәсім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық соты кепілпұл сомасын қайтару туралы азаматтық іс бойынша келісімді партисипативтік рәсім тәртібінде бекітті.

Жауапкер келісім шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан, соның салдарынан талапкер сотқа, жауапкерден 250 000 теңге кепілпұл сомасын қайтару туралы талап арызбен жүгінген.

Сот талқылауы барысында, тараптардың адвокаттары партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітіп, жауапкер кепілпұл сомасын қайтару міндеттелген. Талапкер келісім шарттарымен келісіп, сомасын төмендетті.

Сот тараптармен келісілген партисипативтік рәсім тәртібіндегі келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандық  сотының

баспасөз қызметі