Билік өкiлiне қатысты күш қолданып сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен Б.-ға қатысты  ҚК-нің 380-бабы, 1-бөлігімен (билік өкiлiне денсаулығына қауiпті емес күш қолдану) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ШҚО ІІД анықтау басқармасының тергеушісі, өзінің тергеуінің шеңберінде ЖШС «Защитинские электрические сети» аумағында тергеу іс-әрекеттерін өткізді. Б. аталған кәсіпорынның бұрынғы директоры бола отырып, кәсіпорынның мекемесінің аумағына кіргізбей, кіреберіс есігін құлыпқа жауып қойған. Сосын өзі «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ғимаратына кіріп, сол ғимараттың терезесінен әлгі тергеуші оны телефонға түсіріп жатқанын көріп, телефоның қолының қағып жіберіп, екі қолымен тергеушінің иығынан ұстап, өзінен ары итеріп жіберді. Сосын қылмыс жасаған  орнынан бой тайсалды.

Сот үкімімен Б. жасаған қылмыс үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Моральды залалды өтеу бөлігінде жәбірленушіге сот үкімімен 30 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі