Билік өкілін қорлағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай № 2 аудандық сотымен Қылмыстық кодексінің 378-бабының, 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған Катонқарағай ауылы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Катонқарағай ауылының тұрғыны Б., ішімдік ішкен мас күйінде, қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті бұзып «Нұр-Бұлақ» демалыс үйінің территориясында болған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің Б.-ға қойған заңды талабына инспектор нысанды киімде және билік өкілі екенін біле тұра, қасақана бағынбай, оларды балағаттап ар-намыстарына  тиетін сөздер айтып қорлаған.

Катонқарағай ауданының № 2 сот үкімімен «билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі